Павлодар облысында 300 мыңға жуық адам вакцина алды

22 Қыркүйек 2021, 17:26
11373
Бөлісу:
Павлодар облысында 300 мыңға жуық адам вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде медициналық мекемелерде 153 егу пункті жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар одан тыс жерде 14 егу пункті дайындалған.

Облысқа 1 ақпаннан бастап бірінші компоненттің 362 785 дозасы және коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың екінші компонентінің 338 410 дозасы түсті. Вакцинаның бірінші компонентін 293 558 адам немесе 65%-ы, екінші компонентін – 258 511 адам немесе жоспар бойынша алу тиіс адамдардың 57%-ы алды, - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.
Сондай-ақ жоспар бойынша вакцинациямен қамту облыстың жалпы халқының 60%-ын, яғни 450 мың адамды құрайтынын алға тартты.
Вакцинация жұмыстарын жүргізу үшін 67 көшпелі бригада жұмыс істейді. Ауылдарда 5 жылжымалы медициналық кешен мен санитарлық автокөліктер бар, - деді Айзада Құрманова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы дәрі-дәрмек қоры қандай екендігі туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы