Павлодар маңындағы ескі үйлерді бұзу басталды

21 Маусым 2019, 16:23
1094
Бөлісу:
Павлодар маңындағы ескі үйлерді бұзу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленин кенті Космонавтар көшесі бойында орналасқан үйлер 15 жылдан аса қаңырап тұр. Осы уақыт арасында техникалық зерттеу нәтижесіне сәйкес, бос қалған жеті ғимараттың бесеуі тұруға жарамсыз болып танылған, деп жазады Pavlodarnews.kz. 

Қалған екі ғимаратты әкімшілік аукцион арқылы іске асырып, инвестор табуға ниетті, кейін бұл пәтерлер көпбалалы отбасыларға беріледі. Жұмыс барысын тексеру үшін қала әкімі Әнуар Күмпекеев өзі аралап көрді. 

«Бұл Павлодар қаласына кіреберіс. Үйлердің жартылай құлап, жартылай қаңыраған күйде тұрғанына көп болды. Сәуір-мамыр айында үйлердің техникалық зерттеуін жүргізіп, бүгін бұзуды бастадық. 2-3 жұма аралығында аяқтаймыз. Барлығы шығарылып, қалпына келтіріледі» , - деді қала әкімі. 

Космонавтар көшесі, 4 мекенжайында орналасқан үйде өмірге қауіп келтіретін жағдайларда екі отбасы тұрған. Оларды уақытша жалдамалы пәтерге ауыстырып, тұрғын үй алу кезегіне тіркеген. Гудин отбасын қоныс тойымен құттықтауға қала әкімі келді. 

«20 жыл біз сол үйде тұрдық. Бұл сұмдық жағдай еді. Қанша тұрсақ, сонша қиналдық. Бірде жылу болмады, барлық іргені қырау басып кетті, сізге үлкен рахмет», - деді апаттық пәтерде тұрғаны Валентина Гудина.

Өзгелердің жаңалығы