Жалпы жаңалықтар
-
-
«100 жаңа есім» жобасында 29 адам жеңімпаз атанды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазмедиа орталығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр.
13.02.2019
-
Әкім мүгедек баласы бар отбасыларға берілетін көмек көлемін ұлғайтуды тапсырды
Астана, BAQ.KZ. Сондай-ақ, Алматы әкімі тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша шығынының өтемақысын төлеу шараларын қарастыру туралы да тапсырма берді.
13.02.2019
-
Қызылорда облысында денсаулық сақтау нысандарының 86% жаңартылды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы алты жылда апатты жағдайдағы 57 денсаулық сақтау нысанының 49-ы қайта салынды, қалған 8-і таяу екі жылдың ішінде аяқталады. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында берген есебінде мәлімдеді.
13.02.2019
-
ММА мықтылары Алматыда кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның ММА бойынша бірінші бірлескен чемпионатына арналған брифинг өтті. Ел біріншілігі Almaty Arena стадионында ақпанның 13-нен 16-на дейін өтіп жатыр.
13.02.2019
-
Мобильді топтар мұқтаж отбасыларға көмек бере бастады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында мобильді топтар мұқтаж азаматтардың мекенжайларына барып, олардың жанұяларының тұрмыстық жағдайымен танысты. Аталмыш жұмыстың нәтижесінде мүмкіндігінше әлеуметтік көмектер көрсету механизмі қарастырылып жатыр.
13.02.2019
-
Президенттің «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі басталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазмедиа орталығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі басталды.
13.02.2019
-
Қызылорда облысында соңғы 5 жылда не өзгерді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ел алдында есеп берді. Жиында аймақ басшысы былтырғы атқарған жұмыстарын баяндап қана қойған жоқ, соңғы бес жылда жүзеге асырған істерін де тілге тиек етті. Сонымен, өңірге өзі әкім болып келгелі не өзгерді?
13.02.2019
-
Мэлс Елеусізов саяси мәлімдеме жасады
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Елімізде экологияны қорғайтын саяси ұйым құратын уақыт жетті. Бұл туралы «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
13.02.2019
-
Қызылорда Иранға күріш экспорттайды
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы күрішшілер су тапшылығына қарамастан, 473 мың тонна өнім жинап, Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарықтарын игеруде.
13.02.2019
-
Данэлия Төлешова америкалық The real ток-шоуына қатысты
Данэлия Төлешова The World’s Best байқауында қалай өнер көрсеткені жайлы айтып берді және өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
"The World’s Best байқауына қатысқан кезде, сахнаға шықпас бұрын аяқтарым дірілдеп қобалжулы болдым. Алайда әнімді айта бастаған кезде, өз-өзіме келдім", - деді Данэлия Төлешова.
Данэлия Төлешова The World’s Best байқауында қалай өнер көрсеткені жайлы айтып берді және өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
"The World’s Best байқауына қатысқан кезде, сахнаға шықпас бұрын аяқтарым дірілдеп қобалжулы болдым. Алайда әнімді айта бастаған кезде, өз-өзіме келдім", - деді Данэлия Төлешова.
Әншінің айтуынша, Фейс Хилл, Дрю Берримор, Ру Пол, Джеймс Кордон сынды тұлғаларды көру, оның бала кезден арманы болған.
"Мен 10 жасымнан бастап ән айта бастадым. "Голос. Дети" (Украина) шоуына қатысқанмын. Бұған дейін гимнастикамен айналыстым, бірақ сәтсіз құлағаннан кейін қайта билей алмадым. Осыдан кейін өлең айтуға әуестеніп кеттім", - дейді әнші тележүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Данэлия өз жоспаралары туралы айтқанда жеке өзінің киім-кешек желісін ашатыны жайлы баяндады.
"Мен өзімнің сәнді киім-кешек желімді ашатыныма қатты қуанып жүрмін. Сонымен қатар, өзімнің жеке альбомымды жазу жоспарымда бар. Мен тыңдармандарымды бақытты еткім келеді. Сахнада өзімді еркін сезінемін", - деп қорытындылады жас әнші.
Естеріңізге сала кетсек, The World’s Best америкалық шоуында отандасымыз Димаш Құдайберген де қатысып жатыр. Ол барша жұртты өзінің өнерімен таң қалдырды. Төрешілер оған ең жоғары деп саналатын 100 балдың 98-ін берген.
Данэлияның өнер көрсеткен сәтін Лос-Анджелес уақыты бойынша 13 ақпан күні сағат 20.00-де көрсетеді. Ал қазақстандықтар жас әншінің өнерін Астана және Алматы уақыты бойынша 14 ақпан күні 10.00-де CBS телеарнасынан көре алады.
13.02.2019
-
Онжылдықтың 10 стратегиялық мақсаты
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысындағы «Нұр Отан» партиясының делегаттары бүгін бас қосты. Партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. Делегаттар партияның 10 басты стратегиялық мақсатымен танысты.
13.02.2019
-
Семейде екі күнде 21 адамнан обыр дерті анықталды
Астана, BAQ.KZ. Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары екі күннің ішінде 21 адамнан обыр дертін анықтады. Тағы 54 тұрғынның диагнозы нақтылану үстінде, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
13.02.2019
-
Ат спортынан төрешілер алқасы құрылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өткен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде ат спорт түрлерінің, соның ішінде аударыспақ, көкпар, теңге ілу және жамбы атудың Бас төрешілері сайланды.
13.02.2019
-
Ауған қасіретіне арналған кітап жарық көрді
Көкшетау, Baq.kz тілшісі. Көкшетауда жазушы, публицист Әлия Ахетованың «Беймәлім сол бір соғыс...» атты кітабы жарық көрді. Бұл туынды Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына арналған.
13.02.2019
-
Павлодарда жылу энергиясының жетіспеушілігіне шағымдар азаяр емес
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында жылу энергиясының параметрлері бұзылған 10 проблемалы үй анықталды.
13.02.2019
-
Алматы әкімдігі ауған соғысы ардаргерлеріне сыйақы береді
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
13.02.2019
-
Павлодарда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жұмысын бастады.
«Достық үйі» жанынан ашылған орталықта онға жуық бөлімше бар. Ең бастысы - ардагерлердің денсаулығын жақсартуға қолдау білдіріп,
13.02.2019
-
«Ленин өмір сүре береді». Мұхамедиұлы ескі ескерткіштердің жағдайын айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде кеңестік кезең ескерткіштерінің қалай сақталып жатқанын баяндады.
13.02.2019
-
Қазақстанда әрбір бесінші жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып жүр
Астана. BAQ.KZ. Елімізде әрбір бесінші жеткіншек семіздіктің зардабын тартып отыр. Бұған пайдасыз тағамдарды көп тұтыну себеп. Өткен жылы Астанада мектеп асханасына сапасыз тағам тасымалдаған 18 кәсіпкерге айыппұл салынды. Білім басқармасы олармен келісімді бұзған. Бұл туралы "Хабар 24" порталы хабарлады.
13.02.2019
-
Елордада «Аударыспақ алыптары» сайысы өтуі мүмкін
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде қауымдастықтың атқарушы директоры Рахат Жақсыбай айтты.
13.02.2019
Наверх