Қызылорда Иранға күріш экспорттайды

13 Ақпан 2019, 15:48
2634
Бөлісу:
Қызылорда Иранға күріш экспорттайды

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы күрішшілер су тапшылығына қарамастан, 473 мың тонна өнім жинап, Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарықтарын игеруде.

Өткен жылы өңірде дәстүрлі өнімнен бөлек Иранға экспортқа шығару үшін ирандық сортын өсіру басталды. Қазіргі уақытта бірінші партияны - 500 тонна ирандық күріш сортын – киллограмы 810 теңгеден - бүгінгі экспорттық бағадан 4 есе жоғары бағада жөнелту жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, егіншілікті дамыту суармалы жерлермен шектелгенін ескере отырып, мол өнім беретін және суды аз қажет ететін дақыл алқаптарын көбейтуге, сондай-ақ, мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету үшін жемдік және азықтық дәнді дақылдардың егістерін ұлғайтуға басымдық беріледі.

2018 жылы күріш егісі 3 мың гектарға кеміді, ал майлы дақылдар егісі, атап айтқанда мақсары 2013 жылы 1659 гектардан 2018 жылы 8404 гектарға дейін ұлғайды. Бұл мақсары майын өндіруді ұйымдастыруға және 2018 жылы бірінші рет осы өнімнің 50 тоннасын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік берді. Қытайға жыл сайын 2,4 мың тоннадан кем емес мақсары майын жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Осының есебінен өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының 28% өсуін қамтамасыз етуге болады.

2018 жылдан бастап аймақта соя және азықтық дақылдар - судан шөбі, қант құмай сияқты мол   дақылдарды енгізу жұмыстары басталды.

2019 жылы күріш егісін тағы 2171 гектарға азайтып, 4068 гектарға азықтық және 1293 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі.

Өзгелердің жаңалығы