Өзбекстанда қанша мектеп қазақ тілінде сабақ беретіні белгілі болды

21 Тамыз 2021, 15:29
8487
Бөлісу:
Өзбекстанда қанша мектеп қазақ тілінде сабақ беретіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың айтуынша, елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім береді. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр. Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлады.

2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан республикасы жылы аталып өтті. Айтулы жыл аясында Қазақстанда түрлі бағыттағы 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сәйкесінше, 2019 жылы біздің елде Қазақстан жылы аталып өтілді және оның аясында 80-нен астам іс-шара өтті. Екіжақты өткен іс-шаралар саяси, ағарту, мәдени және гуманитарлық бағытты меңзеді. Өкінішке қарай, 2020 жылы пандемияға байланысты екіжақты іс-шараларды тоқтата тұруға тура келді. Дегенмен екі ел арасындағы өзара байланыс тоқтаған емес, - деді Саидикрам Ниязходжаев елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, елші Өзбекстандағы қандастардың тағдыры туралы айтты.

Қазіргі таңда Өзбекстанда 822 мың қазақ өмір сүріп жатыр. Олар Өзбекстан елінің дамуына өз үлесін қосуда. Біздің елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім беріп жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр. 1992 жылдан бері Өзбекстанның 30 облыс орталығында қазақ мәдени орталығы жұмыс істеп тұр, - дейді ол.
Бұған дейін, Саидикрам Ниязходжаев биылғы 6 ай ішінде Қазақстан мен Өзбекстан елі арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларға жеткенін мәлім етті. Одан бөлек, Өзбекстан елшісі екі ел аумағында бірлескен фармацевтика өнеркәсібін ашу жоспарланып жатқанын айтты.



Өзгелердің жаңалығы