Көпбалалы отбасыларға баспана алу құқығын беретін заң жобасы қаралады

24 Сәуір 2019, 10:25
1584
Бөлісу:
Көпбалалы отбасыларға баспана алу құқығын беретін заң жобасы қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР парламенті мәжілісінің отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы қаралады. 

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов бұл заң жобасы Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленгенін атап өтті. 

«Заң жобасы табысы аз көпбалалы отбасыларға бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығын беру, көпбалалы отбасылардың санаты бойынша кезекке тұрғандардың жеке тізімін жүргізу және жұмыс істейтін жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған. Заң жобасы бойынша екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алып, қорытынды әзірлеуге дайын», - деп айтты Сабильянов.

Мәжіліс депутаттары қолдаған ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде Заңының жобасы ҚР Тұңғыш президенті Елбасының көпбалалы отбасыларды және жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленген. 

«Бұл заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің заңнамалық негізін қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты аталған заң жобасын қарау туралы мәселені Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысының күн тәртібіне енгізуді сұраймын», - деді депутат.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл сұрақты әдеттегідей күн тәртібіндегі барлық мәселелерден кейін қаралатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы