Бас жаңалықтар
Отандық велошабандоздар бір күнде 3 алтынды еншіледі
25 Сәуiр 2019, 09:59 385

Отандық велошабандоздар бір күнде 3 алтынды еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы үшінші алтынды жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Евгений Федоровқа тең келер ешкім болмады. 

Естеріңізде болса, Евгений Федоров 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған еді. Жас спортшы өзінің құрлықта да теңдессіз  екенін дәлелдеді. 

Айта кетейік, кеше жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Максим Попугаев пен Ульяна Сухоребрик Азия чемпионы атанды.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық