Өскеменде жаңа қоқыс полигоны салынады

10 Желтоқсан 2020, 23:16
1336
Бөлісу:
Өскеменде жаңа қоқыс полигоны салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің жаңа қоқыс полигоны Қасым Қайсенов кентінің жанына салынатын болды, деп хабарлайды yk.kz.

Учаске анықталды. Жыл соңына дейін жер құжаттарын рәсімдейміз. Содан кейін Еуропалық қайта құру және даму банкі өзінің экономикалық моделін әкімдікке ұсынып, талқыға салады. Айта кетейік жоспар бойынша полигон ғана емес, барлық экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін қоқыс өңдеу зауыты тұрғызылады, – деп мәлімдеді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Сүлейменов.
Оның айтуынша, полигон заманауи жабдықпен, сұрыптау желісімен жабдықталады. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталуы керек. Негізі қаладағы ескі полигонның мерзімі 2019 жылы аяқталған. Бірақ оған балама болмағандықтан, қоқыс алаңын бір жыл пайдалануға рұқсат берілді.

Сонымен қатар жуырда облыстық экология басқармасының басшысы Данияр Әлиев бұл мерзімді тағы бір жылға ұзартатынын мәлімдеп, орман шаруашылығы мен оның айналасы қоқыстан тазартылатындығын жеткізген.

Өзгелердің жаңалығы