Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді.
Бүгін ОСК «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдадыОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина баяндамасында Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДАҚБ миссиясының құрамында 22 байқаушының аккредиттелгенін хабарлады.
Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылды.
ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді 2019 жылғы 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырады.
Сонымен бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді.