Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп жатыр

21 Қазан 2020, 14:29
2089
Бөлісу:
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы басталды.

Nur Otan партиясының, "Ауыл" партиясы, "Бірлік" саяси партиясының, ҚКХП және Жалпыұлттық социал демократиялық партияларының басшылары қатысып отыр. Отырыстың күн тәртібіне 5 мәселе шығарылды, - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.

1.  «Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;

2.  «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;

3.  «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы»;

4.  «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;

5.  «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы».

Күн тәртібі бірауыздан қабылданды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев партиялық тізімдер бойынша сайланатын «Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулыны қабылдау үшін дауыс беруді сұрады. Қатысушылар бірауыздан қаулыны қабылдады.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес бүгінгі күннен бастап Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны басталды. 2016 жылғы 20 наурызда сайланған Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2021 жылы наурызда аяқталады. Сайлау заңнамасына сәйкес Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын Президент кезекті сайлау депутаттарының өкілеттігі аяқталуынан кемінде 5 ай бұрын тағайындайды және 2 айдан кешіктірілмей өткізіледі. Осылайша, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау науқаны қатаң түрде белгіленген конституциялық мерзімге сәйкес тағайындалады, - деді ол.

Берік Имашев Мәжілістің 98 депутатын сайлау партиялық тізімдер бойынша жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей тең сайлау құқығы жүзінде жүзеге асырылатынын айтты.

ОСК сайлауды ұйымдастыру, өткізу науқаны кезеңдерін, мерзімдерін айқындау бойынша өз өкілеттігі шеңберінде сайлауды өткізудің негізгі шараларының күнтізбелік жоспарын бекітеді.


Өзгелердің жаңалығы