Өрттің әдейі жасалғаны анық – Ақан Сатаев

15 Тамыз 2020, 13:12
2180
Бөлісу:
Өрттің әдейі жасалғаны анық – Ақан Сатаев
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақфильм" студиясындағы "өрттің әдейі жасалғаны анық". Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев айтты.



Мен өкінішке қарай жанып кеткен "Қазақ хандығы" кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін, - деді Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 14 тамыз, жұма күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды. Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ресми мәлімдеме жасап, ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы