"Орхон ескерткіштерінің толық атласы" жарық көрді

24 Желтоқсан 2019, 11:36
5610
Бөлісу:
"Орхон ескерткіштерінің толық атласы" жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының "Орхон ескерткіштерінің толық атласы" атты үш томдық еңбегі жарық көрді.

Бұл бұған дейін еш жерде жарияланбаған тың дүние. Автордың айтуына қарағанда 2020 жылдың қаңтар айында арнайы таныстырылымы өтеді.

Үштомдыққа осыдан 2-3 мың жыл бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған мәтіндер, тасқа басылған таңба-жазулар енгізіліп отыр. Оларды түпнұсқада зерттеп, аударып, тілдік түсіндірмесін, тарихи маңыздылығын саралап түсіндірдік. Бұған дейін шетел ғалымдарының жазбасы арқылы ғана оқып-біліп келген жаңсақ ақпараттарды енді түпнұсқадан оқуға мүмкіндік бар. Бұл кітапты ұлттық дүниетаным тұрғысында қарастырдық - дейді автор.

Атласқа енгізілген суреттерді, графикалар мен түрлі сызбаларды және кітаптың үшінші томын дайындауға ғалымның ұлы Жантегін Қаржаубай көмектескен.

Бұл кітап менің өмір бойы жиған қазынам. 2015 жылы дайын болған еді. Төрт жылдан бері түрлі себептермен жарыққа шықпай жатты. Енді ғана баспа бетін көру мүмкіндігіне ие болып отыр. Алдағы қаңтар айында таныстырылымын жасап, оқырман қауымға ұсынамыз деп жоспарлап отырмыз - дейді кітап авторы Қаржаубай Сартқожаұлы.

Өзгелердің жаңалығы