Оразалин Ақтөбе облысының су тасқынына дайындығын тексерді

4 Наурыз 2021, 21:00
1265
Бөлісу:
Оразалин Ақтөбе облысының су тасқынына дайындығын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірде азаматтық​ қорғаудың​ мемлекеттік жүйесінің басқару​ органдарының,​ күштері​ мен​ құралдарының​ көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайды жою кезіндегі әрекеттерге дайындығын тексеру мақсатында 4 наурыз күні басталған «Көктем-2021» республикалық ​ командалық-штабтық оқу-жаттығулардың барысын бақылады. ​

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қалауовтың басшылығымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Zoom» режимінде төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб құрылды. Облыстық мемлекеттік органдар қызметтерінің басшылары мен аудан әкімдерінің күштер мен құралдардың дайындығы туралы қысқаша баяндамалары тыңдалды. Республикалық ​ командалық-штабқа сәйкес жаттығудың жоспары бойынша су тасқыны кезеңінде еріген суларды өткізу үшін «Батыс-2» шағын ауданындағы нөсерлі арналар мен су өткізетін құрылыстар тазаланатын болады, Автоцон ауданындағы топырақтың қараюын тексеру жоспарланған.

Облыс әкімі аудан басшылығына зейнеткерлерге, халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз тобына тасқын кезінде көмек көрсетуді тапсырды.

Кейін, өңір басшысы әуеден Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларының су жиналатын аумақтарын, Қарғалы мен Елек өзендерінің тармақтарын, сонынмен қатар қар қорын қарап шықты.

ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаевтың мәліметі бойынша 13 мыңнан астам адамды уақытша орналастыратын 76 орын дайындалып, 80,5 тонна жанар-жағармай материалдарының, 31500 дана қап, 7 970 тонна Инерттік материалдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдар қоры жасақталған, 193 500 м3 қар шығарылған.

Бүгінде Ақтөбе су қоймасындағы су көлемі 50,77 млн м3 құрайды, жобалық қуаты 245 млн м3; Қарғалы су қоймасында 34,71 млн м3, жобалық қуаты 280 млн м3, Сазды су қоймасында 0,83 млн м3, жобалық қуаты 7,5 млн м3.

Тасқын жағдайы тұрақты, қардың қоры шамалы. Бірақ, жұмыс қарқынын бәсеңдетуге болмайды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырылуы арнайы бақылауда,- деген өңір басшысы су тасқыны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдауды, төтенше жағдайды болдырмау үшін қолда бар барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруды тапсырды.
Өзгелердің жаңалығы