Тоқаев "оралман" терминінен бас тартуды ұсынды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" терминін алмастыруға ұсыныс жасады.</h4>

 19 Қыркүйек 2019 2019, 15:21
19 Қыркүйек 2019 2019, 15:21
4527

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" терминін алмастыруға ұсыныс жасады. Бұл туралы президент Twitter-дегі ресми парақшасында жазды. 

"Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына қайтып келген қазақтарға қатысты "оралман" сөзінен бас тартып, оның орнына "қандас" терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.




Наверх