Қорғаныс министрлігі кеңінен тараған Арыстағы оқ-дәрі сынықтарының видеосына түсінік берді

2 Шілде 2019, 14:10
1463
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі кеңінен тараған Арыстағы оқ-дәрі сынықтарының видеосына түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы оқ-дәрі сынықтары бойынша әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қатысты түсінік берді.

«1 шілдеде әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде Арыс қаласында тазарту барысында жиналған оқ-дәрі бөлшектері бойынша видео таралды. Аталған фрагменттер жарылыс қаупі жоқ және арнайы күзетілетін аумақта орналасқан. Бұл жер осыған дейін әскери өнімдер фрагменттерін утилизациялау үшін пайдаланылып келді. Сондықтан утилизациялау бекетіндегі оқ-дәрі сынықтары қауіп тудырмайды», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қорғаныс министрлгі қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

«Видео түсірілімі режімдік нысанда жүргізілген және қауіпсіздік режімін қамтамасыз ету саласындағы құжаттың талаптары бұзылған. Осыны ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеруді бастады», - деді ведомстводан 


Өзгелердің жаңалығы