Бас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 290 мыңнан асты
22 Қыркүйек 2021, 13:45 309

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 290 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 1720 жағдайы анықталды деп хабарлайды оңтүстіккореялық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Орталық ақпаратына қарағанда, 1703 адам вирусты ел ішінде инфекцияның таралуына байланысты жұқтырса, қалған науқастар шетелден келген. Орталық 21 қыркүйекте жұқтырғандар бір күн бұрын анықталғанын айтады. Алайда, сарапшылар бұл 20-22 қыркүйек аралығында өтетін ұлттық мерекелер кезінде өткізілетін сынақтар санының азаюына байланысты деп санайды.

Осылайша, Оңтүстік Кореяда SARS-CoV-2 жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны 290 983-ке жетті. Сондай-ақ өткен тәулікте елде коронавирустық инфекциясы бар тағы алты науқас қайтыс болды. Корея Республикасында пандемия басталғаннан бері COVID-19-дың асқынуынан 2419 адам көз жұмды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...