Онкологиялық науқастар арасында 8 адам вирус жұқтырған

15 Маусым 2020, 17:30
2287
Бөлісу:
Онкологиялық науқастар арасында 8 адам вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онкологиялық науқастар арасында 8 адам вирус жұқтырған. 

Бұл туралы ҚР ДСМ Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институты басқармасының басшысы Диляра Қайдарова онлайн брифинг барысында мәлімдеді. 

Пандемия басталғалы барлық онкологиялық диспансер қалыпты режим бойынша жұмыс істеді. Науқастарды қабылдауды үш топқа бөлдік. Үй жағдайында емдеуге келетін адамдарға химиялық препараттарды жеткізіп беріп тұрдық. Ота науқастарға кесте бойынша жасалды. Карантин кезінде бірде-бір онкодиспансер жабылған жоқ. Тек Қарағандыдағы онкодиспансердің жұмысы уақытша шектелді. Қалған өңірлердегі барлық орталық жұмыс істеді, - деді ол. 

Диляра Қайдаров науқастарға бұрынғы режим бойынша көмек көрсетіліп жатқанын айтты. 

Қазір науқастар ПТР тапсырып келеді. Біз оларды ауруханаға жатқызамыз. Бізге ПТР сынамасы расталған науқастар да келді. Оларды провизорлық стационарларға орналастырдық. Емделіп болған соң, олар бізге қайтып келіп, емделді. Науқастар үнемі бақылауда. Тек Теміртаудағы бір пациент көз жұмды. Қазір 8 онкологиялық науқас коронавирус індетін жұқтырған. Біз барлық науқасты оқшаулануға байланысты шектеуге шақырамыз. Себебі, онкологиялық науқастар өте әлсіз болып келеді. Барлық онкодиспансерде стационарлық және амбулаториялық науқастарға арналған бірыңғай нұсқаулықтарды әзірледік. Байланысты да тежеп, амбулаториялық көмекті шектедік, - деді Қайдарова. 

Оның айтуынша, егер науқас бұрын сәулелік емге келгенде еркін кабинеттерді аралап жүретін. 

Қазір олар бірден стационарға жатқызылады. Науқастар 7 күн сайын коронавирусқа сынама тапсырып отырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы