Өңірлерге азық-түлік тұрақты жеткізіліп жатыр
9 Қаңтар, 14:25 450

Өңірлерге азық-түлік тұрақты жеткізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік өкілдері елімізде сауда нысандарын күрделі кезеңде бағаны қолдан өсірмеуге шақырды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Негізгі азық-түліктер қоры елімізде жеткілікті. Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі өңірлердің әкімдіктері мен сауда объектілерімен бірлесіп азық-түлік тауарларын елді мекендерге үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Бірқатар елді мекендерде бұзақылық әрекеттерден зардап шеккен кейбір сауда нысандарының жұмысы тоқтап тұр. Сондай-ақ контртеррористік операция белсенді жүріп жатқан орындарда жеке сауда объектілері әлі де жабық. Сауда және интеграция министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі негізгі тағам тауарларына, дәрі-дәрмек пен жанар-жағар май бағасын алып-сатарлық арқылы қолдан өсіріп, ажиотаж тудырмауға шақырады. Агенттік азық-түлік бағасына күн сайын мониторинг жүргізеді, - делінген әгенттіктің мәліметінде.

Аталған тауар бағасын қолдан өсіру фактілеріне тап болғандар жедел желінің мына нөмірлеріне хабар бере алады:

Нұр-Сұлтанда (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңыраулар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін қабылданады), мобильді нөмірлер 8-705-231-24-23, 8-776-458-88-85. 8-708-883-02-62, 8-701-369-61-28 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22-00ге дейін).


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...