Өңірлерде кімдер қанша пара алды?

30 Қазан 2020, 11:53
2114
Бөлісу:
Өңірлерде кімдер қанша пара алды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Данияр Биғайдаров «AntikorNews» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Өткен 2 аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі 85 тергеуді тіркеді. 8 лауазымды тұлға ұсталды, 6 тұлғаға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, - деді Биғайдаров. 

Аға тергеуші өңірлерде пара алу бойынша тіркелген деректер туралы айтып берді. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеуді бастады. Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-мен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен ТМҚ қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған. ММ басшысы және оның сыбайласы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қ. ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деді ол. 
Ол айтқандай, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың 14 қазанында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшысының міндетін атқарушы мен компания директорына қатысты Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар мойындау түсініктемесін берді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда, - деді ол.  
Биғайдаров Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатқанын айтты. 
Осылайша мемлекетке 8 730 560 млн теңге сомаға залал келтірілді. Тергеу жалғасуда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы