Өңірлерде ана өлімі азаймай отыр. Өйткені, босандыратын маман тапшы

1 Наурыз 2021, 11:43
2490
Бөлісу:
Өңірлерде ана өлімі азаймай отыр. Өйткені, босандыратын маман тапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұлттық денсаулық сақтау жобаларына трансформациялау туралы мәлімдеді. 

Денсаулық сақтау саласындағы үлкен сынаққа қарамастан, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары басшыларынан азаматтардың денсаулығын жақсарту  бойынша  шара қабылдауды сұраймын. Министрлік денсаулық сақтау саласында екі ұлттық жоба ұсынады, олар проблемалық мәселелерді ескере отырып әзірленеді. Бұл денсаулық сақтау жүйесін және отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың ұлттық жобасы. Олар жобалық басқару арқылы іске асырылады,- деді бірінші вице-министр.

Айта кету керек, ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын Денсаулық сақтау министрлігі биыл 5 наурызға дейін аяқтауды, 2021 жылғы сәуірге дейін – мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді және Премьер-министр Кеңсесіне жіберуді жоспарлап отыр. 1 маусымға дейін Мемлекет басшысы саланы дамыту концепциясын бекітеді, ал 1 шілдеге дейін – Мемлекет басшысы ұлттық жобаларды қабылдайды деп жоспарланған.

Марат Шоранов 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама 4 нысаналы индикаторға бағытталғанын жеткізді. Олар – азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 73,21 жасқа дейін арттыру, жүрек-қан тамыры, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз қайтыс болғандар санын 18,86%  дейін төмендету, ана өлімін 17,1-ге дейін азайту және 1 мың тірі туғанға шаққандағы нәресте өлімін 10,1-ге дейін төмендету.

Өңірлерде ана өлімі азаймай отыр. Өйткені, босандыратын маман тапшы, медициналық техникамен толық жабдықталмаған, мамандардың біліктілігі жеткіліксіз, шалғай аудандардағы жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету логистикасы пысықталмаған, облыстық клиникалардың аудандық  ұйымдармен курациясы нашар, сондай-ақ, кадрлар жаппай жеке клиникаларға кетуде. Нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 1 мың тірі туғандарға шаққанда 7,79-ды құрады, нысаналы мәні 10,1. Көрсеткішке қол жеткізілді, - деді Шоранов.

Өзгелердің жаңалығы