Өнеркәсіптегі қауіпсіздік. Небәрі 381 инспектор 9 мыңнан астам кәсіпорынды қадағалайды

12 Қараша 2021, 11:09
1132
Бөлісу:
Өнеркәсіптегі қауіпсіздік. Небәрі 381 инспектор 9 мыңнан астам кәсіпорынды қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Мемлекеттік реттеудің базалық қағидаттарының кезеңдік өзгерістері қауіпті өндірістік объектілер қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығының дәрежесін ескермейтін бақылау мен қадағалаудың барлық салалары үшін тең түрде жүргізіледі. Қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі іс жүзінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі шамадан тыс заңнамалық реттелгенін, ал олардың өкілеттіктері нормативтік құқықтық актілердің нақтыланған нормаларымен шектелгенін көрсетеді, - деді министр.
Юрий Ильин бұл қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және жою бойынша қабылданатын шаралардың жеткіліксіздігіне әкелетінін атап өтті.
Бүгінгі күні өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды барлығы 381 инспектор жүзеге асырады, олардың қадағалауына 9 мыңнан астам кәсіпорын (9 157) және 230 мыңнан астам қауіпті өндірістік объекті кіреді. Осы жүйе құрылған кезден бастап инспекторлар саны 4,3 есеге қысқарды, 1991 жылы инспекторлар саны 1 648, 2014 жылы – 510, 2020 жылы – 449-ды құрады, - деді ТЖМ басшысы.

Оның сөзінше, еліміздің экономикалық өсімі мен өнеркәсіптің даму қарқынына байланысты бақылаудағы объектілердің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні инспекторларға сеніп тапсырылған жұмыс көлемі олардың санына сай емес. Бір инспектордың жұмыс көлемі 603 нысанды құрайды.

2014 жылдан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік функциялары 2014 жылдан 2020 жылға дейін 50%-ға, функциялар 30-дан 39-ға, биыл 39-дан 45-ке өскен болатын.



Өзгелердің жаңалығы