«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті

6 Сәуір 2021, 11:56
2205
Бөлісу:
«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында Қазақстанның 30 жылдығына орай көкпардан «Өнер көкпары» республикалық тұңғыш турнирі өтіп жатыр.

Турнирдің алғашқы ойынын «Әулие ата» мен «Құлагер-Шымкент» құрамалары өткізді.

«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті

Әулие ата Шымкентке жол береді. Себебі Шымкент бұған дейінгі дайындық кезіндегі жолдастық кездесулерде біраз қателіктер жіберген. Бүгін соған мықтап дайындалып келгені көрініп тұр. Ал Жамбыл жігіттері енді ғана дайындалып жүрген шабандоздар. Атқа да үйренісе алмай жатыр. Оның сыртында өзара үйлесім жоқ. Өз командам бүгін «Елорда» құрамасына қарсы ойнайды. Алланың бұйырғанын көреміз, – дейді әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Алматы» өнер-көкпары құрамасының ойыншысы Бағлан Әбдіраимов.
«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті

Бағыланның болжамы тура келді. Ойынның алғашқы айналымын 2:0-мен аяқтаған шымкенттіктер, екінші айналымда да дес бермеді.

«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті

Ойын қорытындысы бойынша есеп – 3:2, шымкенттік шабандоздардың пайдасында.

«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті

«Әулие ата» құрамасына тиесілі екі салымды да ақын, асаба Бақтияров Мақсат салса, «Құлагер-Шымкент» құрамасының үш салымының екеуін фото-видео оператор Асатаев Еркебұлан, біреуін асаба Кашигов Қамбарбек салды.

«Өнер көкпары». «Шымкент» «Әулие атадан» басым түсті

Қазір алаңда Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы «Елорда» командасы мен Алматы қаласының «Алматы» құрама командасы өнер тартыс өткізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы