Бас жаңалықтар
Облыста жедел жәрдем жүктемесі артты – Ақсақалов
08 Шілде 2020, 12:38 136

Облыста жедел жәрдем жүктемесі артты – Ақсақалов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында өңірдегі жедел жәрдем қызметінің жүктемесі турасында айтты. 

Облыста 31 жедел жәрдем бригадасы, тағы созылмалы аурулар кезінде кезек күттірмей көмек көрсететін 20 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бүгінде Петропавлдағы бір жедел жәрдем бригадасының жүктемесі 30 шақыртуға дейін өсіп отыр. Негізі тиісті деңгей 16 шақырту болуы керек. Жедел жәрдем бригадаларына 25 портативті өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты сатып алынды, - деді ол. 
Құмар Ақсақалов жедел жәрдем бригадасын күту көрсеткіші жоғары екенін айтты.
Жедел жәрдем бригадасын күту уақыты 13 минутқа дейін. Емханаларда жедел жәрдем және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадаларын күту көрсеткіші, өкінішке қарай, жоғары болып отыр. Бұл жіті респираторлық аурулар бойынша қоңыраулар санының артуына байланысты. Шақырулардың жалпы санында да 15%-дық өсім бар. Мұнда тәулігіне 450-ден 660-қа дейін қоңырау келіп түседі, ал ЖРВИ-ға қатысты шақырту деңгейі 30%-ға өскен, - деді облыс басшысы.
Облыс әкімі, сонымен қатар, пациенттерге арналған қосымша орындар жайына да тоқталды.
Бүгінде сұраныстың артуына байланысты №1 қалалық аурухана, облыстық Фтизиопульмонология орталығы және М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов аударындағы төсек-орын санын 65-тен 435-ке дейін жеткізіп отырмыз. Провизорлық стационарлардағы қор санын 100-ден 905-ке дейін, соның ішінде облыстық ауруханада 200-ге, қалалық ауруханада 110-ға, Қызылжар аудандық ауруханасында 120-ға дейін жеткіздік. Мұндай жұмыстар барлық ауданда жүргізіліп жатыр, - деді Ақсақалов.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...