Бас жаңалықтар
Ақтөбе облысының әкімі картоп пен сәбіз қаншадан болып жатқанын  айтты
22 Маусым 2021, 14:03 1928

Ақтөбе облысының әкімі картоп пен сәбіз қаншадан болып жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бұл үнемі бақылауда тұратын мәселе. Себебі әлеуметтік маңызы бар. Қажет кезде біз базарлар мен сауда орындарын аралаймыз. Ақпарат құралдарымен де, кейде өзім де аралаймын. Бағалаларды білмейді емес, білемін. Әлеуметтік маңызы болған соң, оған да біз ықпал етуіміз керек. Сәбіздің бағасы бойынша орталық базарларда сауда орындарына қарағанда жоғары болып отыр. Сәбіздің бағасы – 450-600 теңге арасында. Әр сауда орнында әртүрлі. Картоп сәл төмендеді. 250-300 теңгенің арасында болып отыр, - деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі есеп беру кезінде ауыл шаруашылығы экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі болатынын айтты.

2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге субсидия бөлінді. Сонымен бірге «Еңбек» бағдарламасы бойынша 745 жобаны іске асыруға 3,3 млрд теңге көзделген. Жалпы биылғы 5 айда 85 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ІҚМ басы – 7%-ға, ұсақ мал – 1%-ға, жылқы 24%-ға өскені байқалады, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысындағы диструктивті діни ағымдар туралы айтты.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...