Нығматулин: Елбасы саясаты агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашуға бағытталған

24 Мамыр 2019, 15:03
1659
Бөлісу:
Нығматулин: Елбасы саясаты агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашуға бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» тақырыбында өткен парламенттік тыңдауда еліміздің дамуындағы отандық агроөнеркәсіптік кешеннің басты рөлін атап өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік алған күннен бастап, осы саланы дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Соның нәтижесінде, тиісті қаржы бөлініп, аталған бағыт жыл сайын серпінді дамып келе жатыр. Елбасы Жолдауында  аграрлық өнімнің экспортты 2,5 есеге дейін арттыру міндеті жүктелді. Ол не береді? Бұл табиғи таза өнімдеріміз арқылы, отандық экономикамызды күшейтумен қатар, әлемдік экспортты бағындыруға жол ашады. Осы орайда, заң жағынан қамтамасыз ету үшін Парламентпен «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды  мемлекеттік реттеу туралы», «Ветеринария туралы»,  «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» сияқты негізгі заңдар  қабылданды. Сонымен бірге, ұзақ мерзімді  «Қазақстан - 2050» Стратегиясында дамудың  нақты  жолдары да көрсетілген. Қазіргі уақытта 2017-2021 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жүзеге асырылып  жатыр. Сондықтан, бүгін  мемлекет ауылшаруашылығы саласына   барлы  жағдай жасап отыр", - деді Нұрлан Нығматулин. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрылымында мал шаруашылығы 46% астамды құрайды. Осыған сәйкес Мәжіліс төрағасы еліміздің сыртқы нарықта ірі ет экспорттаушы болуға барлық мүмкіндіктері бар екеніне тоқталды. 

"Осы жолда  ата-бабаларымыз «жесең ас, кисең киім», деп  ерекше    назар аударған  мал  шаруашылығының орны бөлек. Сапалы  азық-түлік бойынша біздің  еліміздің өзін де қамтамасыз ететін, экспортқа   да    шығатын мүмкіндігі өте зор. Соның ішінде, әсіресе, ет, сүт өнімдері басым бағыттарымыздың бірі. Осыған орай, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, таза табиғи өнімдерді   арттырудың барлық жолдары көрсетілді. Ендігі мақсатымыз - оларды  тиімді  және нәтижелі жүзеге асыру. Қазірдің өзінде мысалы, Алматы облысында жылдық қуаттылығы 8 мың тонна болатын ет  өңдеу кешені пайдалануға   берілді. Бұдан басқа, биыл жылына 5 мың тонна ет өңдейтін «Ерементау Ақбас»  кәсіпорнын пайдалануға беру жоспарланған. Ал, сүт өңдеу көлемін арттыру үшін  қуаты 23 мың тонна болатын 4 зауыт жұмыс   істейтін болады. Осы орайда халықты таза ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аграрлық салада цифрландыру жұмыстардың маңыздылығы да өте зор", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

Сонымен қатар, Палата спикері Ауыл шаруашылық саласы бәсекеге қабілетті болу үшін тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды енгізіп отыру қажеттігін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы