Нығматулин: Елбасы белгілеген бағыт жалғасатын болады

23 Сәуір 2019, 15:07
1978
Бөлісу:
Нығматулин: Елбасы белгілеген бағыт жалғасатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы съезінің шешімі туралы пікірін білдірді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы қабылданған шешім жан-жақты ойланған, еліміз үшін де, халқымыз үшін де, өте дұрыс шешім деп есептейтінін айтты. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанымыз тәуелсіздік алған күннен бастап, Елбасының қасында жүріп, көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Сонымен бірге, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын өте жақсы біледі, сондықтан, өзінің алдағы жұмысында, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағытын одан әрі тиімді жалғастырып, еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз", - деді Нұрлан Нығматулин.
Өзгелердің жаңалығы