Бас жаңалықтар
Нұрлан Әлімжанов депутат ретінде кешігіп ант берді
11 Қыркүйек 2019, 10:59 330

Нұрлан Әлімжанов депутат ретінде кешігіп ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Нұрлан Әлімжанов ант берді.

16 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңес бюросының отырысында партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықова, Нұрлан Әлімжанов, Нұржан Әшімбетов, Жұлдыз Омарбековаға  мәжіліс депутаты мандатын беру туралы шешім қабылданған еді. 

Ал 4 қыркүйекте аталған азаматтарды орталық сайлау комиссиясы Nur Otan партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісіне депутат ретінде тіркеген болатын. Бірақ осылардың арасында жалғыз Нұрлан Әлімжанов ант беруге келмей қалған еді. Арада 1 апта өткенде екінші жалпы отырысқа «Елбасы жолы» киноэпопеясында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер ант берді. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді Нұрлан Әлімжанов. 

Ол сондай-ақ, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық