Нұр-Сұлтанның бас санитары қаулы қабылдады. Оқушылар қайта қашықтан оқуға көшеді

29 Наурыз 2021, 17:12
2281
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның бас санитары қаулы қабылдады. Оқушылар қайта қашықтан оқуға көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және КВИ ауруының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтанда карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Қол қойылған құжатқа сәйкес СОО, СО және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұдан басқа, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студент, сондай-ақ қала оқушысы көшеді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, ал жеткізу жұмыстары мен алып кету тапсырыстары кірмейді.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймаққа» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Өзгелердің жаңалығы