«Ну, погоди!» авторларының бірі қайтыс болды

21 Желтоқсан 2020, 16:12
2539
Бөлісу:
«Ну, погоди!» авторларының бірі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орыс жазушысы, драматург, «Ну, погоди!» мультсериалы авторларының бірі Александр Курляндский 82 жасында қайтыс болды. Бұл туралы 21 желтоқсанда оның жақын досы, жазушы Александр Лебедев мәлімдеді.

Менің досым және серіктесім Александр Ефимович Курляндский қайтыс болды, - деп жазды Лебедев өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Жазушының қайтыс болу себептері көрсетілмеген.

Александр Курляндский 1938 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Орыс жазушысы, сатирик және драматург, сценарист, балаларға арналған кітаптардың авторы. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері (2007), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988). «Ну, погоди!» мультипликациялық сериал авторларының бірі. Ол «Великолепный  Гоша» (10 шығарылым) және «Возвращение блудного попугая» (3 шығарылым) мультфильмдерін жарыққа шығарды.

«Возвращение блудного попугая» мультфильмінің басты кейіпкерлері - тотықұс Кеша, мысық Василий және Клара атты қарға туралы ол  кейіннен төрт повесть жазған. Олар «Вы не были на Таити?», «А нас и здесь неплохо кормят!», «Прелестно!» және «Попугай Кеша ищет клад» деп аталды.

Өзгелердің жаңалығы