Бас жаңалықтар
Норвегияда ірі метеорит құлады
VIDEO
26 Шілде 2021, 10:08 1016

Норвегияда ірі метеорит құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 шілдеде Норвегияның оңтүстігінде ірі метеорит құлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, метеориттің құлау жылдамдығы секундына 15-20 шақырымға жеткен. Оның қирандылары Ослодан батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорыққа құлауы мүмкін.

RG мәліметтері бойынша, Осло тұрғындары от болып, құлап келе жатқан шарды көргендерін айтты. Айнала бірнеше секундқа күндізгідей жап-жарық болып кеткен. 


Зардап шеккендер жоқ.

Норвегиялық метеорологиялық жүйесі аспан денесінің қозғалысын бақылап жүргендерін айтқан. Метеорит алғаш рет Ослодан солтүстікке қарай Нордмарка ауылының үстінен көрінген, кейін ол оңтүстік-батысқа қарай жылжып отырған. Содан кейін аспан денесі бірнеше бөліктерге бөлініп кеткен. 

Метеорит құлаған кезде күшті толқын тудырған, оны көптеген адам сезген. 


Фото: дереккөз
Загрузка...