Ноғайбаев терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес қандай стандарт бойынша жүзеге асырылатынын айтты

27 Шілде 2021, 16:57
2007
Бөлісу:
Ноғайбаев терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес қандай стандарт бойынша жүзеге асырылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте Қаржылық мониторинг департаментінің басшысы Мақсат Ноғайбаев айтты.

Ережеге сәйкес Агенттік екі негізгі функцияны жүзеге асырады: қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, - деп атап өтті Мақсат Ноғайбаев.

Ол атағандай, қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі халықаралық стандарттардың жаһандық таралуында әлемнің әртүрлі аймақтарында ФАТФ үлгісі бойынша құрылған топтар маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы ФАТФ үлгісі бойынша өңірлік топ – қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) қатысушысы болып табылады. ЕАТ-қа қатысу Қазақстанға ФАТФ стандарттарына сәйкес келетін ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың тиісті құқықтық және институционалдық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Ноғайбаев айтқандай, осы қызмет шеңберінде ЕАТ өз мемлекеттерінің КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне өзара бағалауды жүргізеді, еуразиялық өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру саласындағы типологияларға талдау жасайды, сондай-ақ кадрларды оқытуды қоса алғанда, топқа мүше мемлекеттерге техникалық жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырады.

Ол атағандай, ЕАТ міндеттерінің бірі – АЖ/ТҚҚ және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ФАТФ-тың 40 ұсынымын енгізуге жәрдемдесу. Бұл ұсынымдар «жылыстатуға қарсы» жүйелердің тиімділігін арттыруға әсер етеді және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартады.

Басқаша айтқанда, АЖ/ТҚҚ саласындағы осы стандарттардың сәйкес келмеуі ұлттық экономикаға үлкен зиян келтіруі мүмкін: ел кез келген ашық халықаралық қолдаудан айырылып, қоғамдық қарым-қатынастардан аластатылады. Бұл елдердің тұрғындары халықаралық сауданы тоыққанды жүргізе алмайды, шетелдік банктерде және төлем жүйелерінде шоттар ашу кезінде айтарлықтай қиындықтарға тап болады (көпшілігі мұндай клиенттермен жұмыс жасаудан бас тартады) және бұл елдерге жолданатын төлемдер автоматты түрде күдікті болып саналып, бұғатталуы мүмкін, - деді Ноғайбаев.

Өзгелердің жаңалығы