Ноғаев газ бағасының күрт қымбаттауын түсіндірді

25 Қараша 2021, 16:00
1041
Бөлісу:
Ноғаев газ бағасының күрт қымбаттауын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екі ай ішінде газ бағасы 55 теңгеден 90 теңгеге дейін көтерілген. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұның себебін түсіндірді.

Жалпы ,Маңғыстау облысындағы көліктердің 90 пайызы сұйытылған мұнай-газын қолданады. Бағаның өсуі бұл нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың реттелуінен туындайды. Қазіргі таңда бағаны жеткізу мәселесі бойынша Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытынан айына 14 500 тонна газ шығады. Сондай-ақ жетпейтін 3,5 мың тоннаны Атырау мұнай өңдеу зауытынан аламыз. Қажеттілігі ай-сайын 8 мың тонна, -деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, баға бойынша қазіргі таңда өнім шамамен 75 пайызы электронды сауда алаңдарында саудаланады.

Жеткізуші мен алушының арасындағы адами фактор жоқ. Мұның бәрі электронды түрде жүреді. Заң бойынша газды қолдану бойынша 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл биржаға шығу керек. Яғни, ұсыныс пен сұраныстың арқасында қалыптасады, -дейді Н.Ноғаев.

Өзгелердің жаңалығы