Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, Қазақстанда демалыс күндері қатаң карантин сақталады. Осыған байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында пікір білдірді.
Неліктен демалыс күндері біз локдаунды сақтағымыз келеді? Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – бұл қазір қолжеткізілген оң динамиканы сақтап қалу. Инфекцияның таралуына әсер ететін ең басты нәрсе - адамдардың бір-бірімен байланысы. Біз бәріміз демалыс күндері байланыс күшейетінін жақсы түсінеміз. Халық қозғала бастайды. Сауда орталықтары, сауда үйлері, базарларға демалыс күндері көптеп барады. Біз демалыс күндері негізінен адамдардың жаппай жиналуымен байланысты ірі объектілердің қызметін тоқтатамыз деген кезде, біздің алдымызда адамдардың байланысын мейлінше азайту міндеті тұрды. Бұл инфекцияның таралуын тоқтатуды білдіреді. Демалыс күндері локудаунды енгізудің себебі осы, - деп түсіндірді Есмағамбетова.
Айта кетейік, бас санитар бұған дейін фитнес орталықтары мен сауда үйлері қалай жұмыс істейтінін жұмыс істейтін, сондай-ақ, маска тағу режимі әлі де сақталатынын сақталатынын айтқан болатын.