Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда 200-ге жуық жолаушысы бар Air India ұшағы Кожикоде қаласына қонар кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Жергілікті ақпарат қүралдарының хабарлауынша, 3 адам көз жұмып, 30-ы жарақат алған. Әуе кемесінің алдыңғы бөлігіне қатты зақым келген.
Алдын ала мәлімет бойынша, лайнер Дубайдан ұшып келе жатқан.