Назарбаевтың құдағиы қайтыс болды

22 Маусым 2020, 15:43
16767
Бөлісу:
Назарбаевтың құдағиы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құдағиы  Раиса Алдабергенқызы қайтыс болды.

Мұндай суыт хабарды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті  Тимур Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы сіздің жанұяңыздағы ауыр қазаға ортақтасады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Раиса Алдабергенқызы 1938 жылы дүниеге келген.

Өзгелердің жаңалығы