Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атақты қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
«Елбасы атақты қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті», - деп жазды Айдос Үкібай Твиттердегі парақшасында.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Форумның салтанатты ашылуы аясында сөз сөйлеп, бүкіл Қытай халқын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтап, мемлекетті дамыту жолындағы мақсаттарының орындалуына тілектестік білдірген болатын.