Назарбаев әуежайындағы әуе тасымалы тоқтап қалуы мүмкін

27 Қазан 2021, 20:32
2185
Бөлісу:
Назарбаев әуежайындағы әуе тасымалы тоқтап қалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әуежайының үздіксіз қызмет етуіге қауіп төніп отыр. Қазіргі таңда әуе жанар-жағармайымен қамтамасыз ету ел бойвнша қиынға соғып отыр.

Елорда әуежайында жолаушылар тасымалы үшін де әуекеросинімен қамтамасыз ету мүшкіл болмақ.

Биылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстанда жанармай тапшылығына қатысты жағдай ушыға түсті. Қазақстанның ірі ресурс қорлары мен мердігерлер дер кезінде әуе жанармайвмен қамтамасыз етпей отыр. Ол әуежайдың аймақтық көліктік байланыс ретіндегі қалыпты жұмысына едәуір   әсер етеді. Қазіргі таңда Ресейдегі мердігерлер өздеріндегі  ішкі сұраныстың артуына байланысты Қазақстанға жеткізуден бас тартып отыр,- деді Нұрсұлтан Назарбанв атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.

Ол атағандай, әуе жанармайын жеткізуге қатысты нақты келісімдер мен елдегі қиын жағдайға байланысты әуежай қорындағы жанармай таусылуға жақын. 

Жолаушыларды болуы мүмкін олқылықтарға түсінушілікпен қарауға  шақырамыз. Қыркүйек және қазан айларындағы тапшылық пен күрт өсімге қарамастан 14 мың тонна  әуе  жанармайы жеткізілмеді. Осыған байланысты бүгінде барлық резерв таусылып, әуежайда ұшақтарға «рульден» жанармай құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Эйр Астанадан» басқа барлық компанияның жағдайы ұқсас.Қараша айында бірде-бір жеткізуші әуе ЖЖМ жеткізу көлемін растаған жоқ. Жаңа шарттар бойынша ең жақын жеткізілім 15 қарашадан кешікпеуі тиіс. Біз жүк рейсіне жанармай құюға шектеулер енгізіп, жақын арада олардан мүлдем бас тартамыз. Кейін  бұл әуе компанияларының Қазақстанға оралуы қиынға соғады, - деп қосты Анвар Шалекенов.

Өзгелердің жаңалығы