Нақты сектор салалары өткен айда өсім көрсетті

11 Наурыз 2021, 09:30
2241
Бөлісу:
Нақты сектор салалары өткен айда өсім көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нақты сектордың барлық саласында байқалған тұрақты өсім нәтижесінде ақпанда жалпы ішкі өнім қаңтармен салыстырғанда жақсарды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Оның айтуынша, қаңтар-ақпан аралығында елдің макроэкономикалық үдерісті көрсетті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда нақты секторда өсу 6,3 пайызға жеделдеді. 

Негізгі капиталға инвестициялар кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда 13,3 пайызға өсті. Жылдық инфляция 7,4 пайыз деңгейінде сақталды. Кен өндіру саласын қоспағанда нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсуді көрсетті. Олар құрылыс – 9,7%, ақпарат және байланыс - 9,4%, сумен жабдықтау - 8,3%, қайта өңдеу өнеркәсібі - 6,1%, ауыл шаруашылығы - 3,1%. Нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсімім қаңтардағы - 4,5%-дан ақпанда – 2,9%-ға жақсарды, - деді ол.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі өңдеу өнеркәсібі салаларында тұрақты өсу сақталуда екенін атап өтті.

Өсудің жеделдеуі машина жасауда - 21,2%, құрылыс материалдарын шығаруда – 19.6 %, химиялық өндірісте – 14,1%, пластмасс өнімдерін өндіруде – 14,2 %, фармацевтика мен киім өндірісі -9,2 %, жиһаз өндірісінде – 15,7%-ды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 6,1%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы