Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында оқу-жаттығулар өтеді

28 Ақпан 2019, 12:06
2119
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында оқу-жаттығулар өтеді

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы 28 ақпан сағат 14:30-да елорда әуежайында өрт сөндіру бойынша жоспарлы "Адамдар жаппай тұратын ғимараттарда өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізу" тақырыбында оқу-жаттығулары өтеді. 

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығуға әуежайдың ұшақтардың ұшуын өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі және Астана қаласының "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ қатысады.

"Оқу мақсаты – өрт қаупін жою барысында адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерге көшіруді үшін өрт сөндіру бөлімшелерінің әуежай қызметкерлерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету", - делінген таратылған хабарламада.

Әуежайдағы оқу жаттығу кезінде жолаушылар мен терминалға келіп кетушілердің бұл шараға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауларын сұраймыз.

 


Өзгелердің жаңалығы