Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

24 Сәуір 2019, 12:13
3134
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігінің келісімен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаев қала әкімі Бақыт Сұлтановпен бірге таныстырды.

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған.

Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызметті етті.

2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

 

Өзгелердің жаңалығы