Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға тағы 3 тәулік берілді
19 Наурыз 2020, 11:18 442

Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға тағы 3 тәулік берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 наурыздан бастап ешқандай көлік-теміржол, әуе тасымалы жүзеге аспайды. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер "жасыл дәліз" арқылы кіріп-шығады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Тұрғындар үшін маңызды ақпарат: қалаға кіруге және қаладан шығуға әзірше уақыт бар. Алдағы 72 сағат әуе және теміржол қатынастары арқылы қаладан кетуге немесе келу үшін мүмкіндік беріліп отыр. 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындардың қала аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады. Транзиттер Нұр-Сұлтан қаласына тоқталмай жүргізіледі. Яғни, жолаушылар пойыздары қала арқылы өтеді, тек тоқтамайды. 22 наурыздан бастап өзіне жолаушы пойыз, әуе тағы басқа көліктерге шектеу қойылады. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер "жасыл дәліз" арқылы өтеді, - қала әкімінің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түліктерге "жасыл дәліз" орнатқан болатын. Сондай-ақ 19 наурыз күні 00:00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы карантиндік режимге жабылған болатын.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...