Мысырда ағаштан жасалған отызға жуық саркофаг табылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың&nbsp;Луксор қаласында ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды, деп хабарлайды 24.kz.</h4>

 22 Қазан 2019 2019, 08:57
22 Қазан 2019 2019, 08:57
3894

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдың Луксор қаласында ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл – жүз жыл ішінде табылған ең ірі олжа. Саркофагтар Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Эль-Ассасиф қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталған.

Археологтардың айтуынша, оюлы әрі боялған саркофагтар осыдан шамамен 3 мың жыл бұрын жерленген. Болжам бойынша олардың ішінде абыздар мен балалардың мүрдесі жатқан болуы мүмкін.

Ғалымдардың сөзінше, реставрация жұмыстарынан кейін олар Үлкен Мысыр музейіне қойылады.


Наверх