ШҚО тұрғынынан ХIX ғасырда жасалған мылтық тәркіленді

3 Маусым 2019, 22:43
2654
Бөлісу:
ШҚО тұрғынынан ХIX ғасырда жасалған мылтық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданынан ХIX ғасырда жасалған мылтық табылды. Оны 70 жастағы тұрғын заңсыз сақтап келген, деп хабарлады Алтайньюс. 

Айтуынша, бұл «Бердан» маркалы мылтық зауыт тәсілімен 1899 жылы жасалып шыққан. Өзіне 1922 жылы туып, осыдан 33 жыл бұрын қайтыс болған ағасынан мұраға қалыпты. 

Қару қазір Семей қалалық полиция басқармасының криминалдық бөліміне берілді. Оған қатысты тексеру жүргізілуде. 

Әкімшілік кодекстің қаруды заңыз сақтау бабы бойынша хаттама да толтырылғанын айта кету керек.

Өзгелердің жаңалығы