Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқуда онлайн байқау жарияланады

30 Қаңтар 2021, 21:10
3446
Бөлісу:
Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқуда онлайн байқау жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен және Алматы телеарнасының ақпараттық демеуімен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, «Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық онлайн байқау жарияланады.

Бұл ақын өлеңдерін сүйіп оқитын оқырман үшін үлкен мүмкіндік. Сіз Мұқағалиға деген құрметіңізді көрсетіп қана қоймай, байқау демеушілері тағайындаған 1 000 0000 теңгені ұта аласыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Ол үшін 1-7 ақпан аралығында Мұқағалидың шығармашылығынан бір туынды оқып, соның мағынасына сай, 1-3 мин аралығында бейнеролик түсіріп, өз Инстаграм парақшаңызға #Мақатаев90 хэштэгімен жүктеу керек.
Өзгелердің жаңалығы