Моңғолияда Президент сайлауы аяқталды. Жаңа Президент елді 6 жыл басқарады

9 Маусым 2021, 22:09
5397
Бөлісу:
Моңғолияда Президент сайлауы аяқталды. Жаңа Президент елді 6 жыл басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Моңғолияда кезекті президент сайлауы өтті. Президент сайлауына үш үміткер қатысты.

Моңғолиядағы Президент сайлауы Ұланбатыр уақытымен кешкі 22:00-де аяқталды. Елдің Орталық сайлау комициясының мәліметіне қарағанда дауыс беруге тиіс халықтың 52,7 пайызы дауыс берген. Бұл туралы ОСК басшысы П.Дэлгэрнаран мәлімдеді.

Коронавирус індетіне байланысты дауыс беру бұған дейінгі сайлауларға қарағанда айтарлықтай бәсең болды. Дегенмен кешкі сағат 21:30-дағы жағдай бойынша сайлаушылардың 50 пайызы өз таңдауын жасағандықтан, Президент сайлауы өтті деп есептелді.

Қазіргі сәтте елдегі барлық 2087 сайлау учаскесіндегі дауыс санау үрдісі Орталық сайлау комиссиясының негізгі серверіне түсті.

Елде дауыс беруге тиіс 2 миллион 41866 сайлаушының 1 миллион 75938-і өз таңдауын жасаған.

Бұл жолғы сайлауға бұған дейін Моңғолия Президенті болған Халтмаагийн Баттулга атын ұсына алған жоқ. Себебі өткен жылы Моңғолияның Негізгі заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Онда ел Президенті болып отырған адам, екінші рет президенттікке үміткер бола алмайтыны туралы толықтыру енгізілген болатын. Бұл заңның тағы бір ерекшелігі биылғы Президент 6 жыл ел басқарады. Осы Заңның қабылдануына байланысты Моңғолия Президенті қайта сайлауға түсе алмады.

Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Ухнаагийн Хүрэлсүх, Демократиялық партиядан Содномзундуйн Эрдэнэ, «Дұрыс адам электораты» коалициянан Дангаасүрэнгийн Энхбат бақ сынаған болатын.

Алдын-ала болжам бойынша, бұған дейін елдің Премьер-министрі болған Ухнаагийн Хүрэлсүх айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы