Мирзиёевтің қызы өз еркімен қызметінен кетті

30 Қаңтар 2020, 07:52
3521
Бөлісу:
Мирзиёевтің қызы өз еркімен қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қаңтарда Өзбекстан Президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Комил Алламжонов пен директордың орынбасары Саида Мирзиёева өз еркімен қызметінен кетті.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі өзінің Telegram каналында хабарлады.

Сол күні Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры болып бұған дейін аталған агенттіктің директорының орынбасары болып жұмыс істеген Саиджанов Дильшод тағайындалды.

29 қаңтарда Президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте Комил Алламжонов пен Саида Мирзиёева Президент әкімшілігіне үкіметтік емес сектордағы жұмысты жалғастыру жоспарлары туралы өтініштер бергендерін хабарлады. Әкімшілік бұл өтініштерді қарап, қанағаттандырды.

Комил Алламжонов Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігін 2019 жылдың 4 ақпанынан бастап басқарды, ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева өткен сәуірден бастап директордың орынбасары болып жұмыс істеген болатын.


Өзгелердің жаңалығы