Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді

18 Қазан 2019, 10:49
4496
Бөлісу:
Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-20 қазан аралығында Минскіде қазақ киносының фестивалі өтеді. Мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына әр түрлі жанрда түсірілген отандық кинотуындылар ұсынылады, деп хабарлады kazakhfilmstudios.kz.

Фестивальді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы елшілігінің қолдауымен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және "Қазақфильм" киностудиясы ұйымдастырып отыр. Мәдени іс-шара Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткізіліп отыр. 
"Қазанның 18-де фестивальдің ашылу салтанатында қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын "Әміре" фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ іс-шара барысында "Қазақфильм" киностудиясының басқа да туындылары – Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы. Алтын тақ",  Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол", Фархат Шәріповтың "Қызғылт қоян туралы хикая", Ермек Тұрсыновтың "Шал" және "Шырақшы" фильмдері ұсынылады. Ал кішкентай көрермендер толықметражды "Мұзбалақ" анимациялық  фильмін тамашалай алады", - деліген таратылған ақпаратта.

Фильмдер Минск қаласындағы "Беларусь" кинотеатрында көрсетіледі. Кіру тегін. 
Өзгелердің жаңалығы