Министрлік студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуге көмектесуге дайын – Балаева

26 Тамыз 2020, 12:52
1560
Бөлісу:
Министрлік студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуге көмектесуге дайын – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медиа саласы мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорларымен «Қазақстан Республикасындағы журналистика деңгейі» тақырыбында онлайн-форматта өткен кездесу барысында айтты.

Журналистика – күрделі мамандық. Сондықтан, еліміздегі баспасөз жайлы айтатын әңгіме де, зерттейтін мәселе де, жетілдіретін тұстары да аз емес. Баспасөзі мықты қоғамның мәдениеті мен талғамы да, рухани деңгейі де, азаматтық белсенділігі де жоғары болады. Жоғары оқу орындарындағы студенттерді дайындау деңгейі оқу мазмұнымен тікелей байланысты. Сол себепті оқу сапасының мазмұнын жаңғырту, оны уақыт талабына сай жетілдіру мәселесі өте өзекті болып қала бермек. Бұл ретте министрлік оқу материалдарының сапасын қадағалап, қажет болған жағдайда олардың мазмұндық бірге саралап, әріптестік орнатуға қашанда дайын. Бұл өз кезегінде министрлік пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақты нығайтып, студенттердің кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, - деді министр.

Министрдің айтуынша, диплом алып шыққан жас журналистерге тағылатын тағы бір сын – олардың тәжірибелік тұрғыда дайын болмауы. 
Яғни, жоғары оқу орнында берілетін теориялық білімнің практикамен жалғаспауы. Жас мамандар тәжірибені жұмысқа тұрған соң үйренуге мәжбүр. Бұл орайда студенттердің практикалық дағдыларын дамыту үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистика студенттерін бірінші курстан бастап мемлекеттік БАҚ-тарда өндірістік тәжірибеден өткізуге көмектесуге дайын, - деді Балаева.
Өзгелердің жаңалығы