Министр: Бірлік пен келісім тұрақты жетілдіруді қажет етеді

1 Наурыз 2019, 17:20
1475
Бөлісу:
Министр: Бірлік пен келісім тұрақты жетілдіруді қажет етеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев мәлімдеді. 


«2019 жылды Мемлекет басшысы жастар жылы деп жариялады. Бұл күнтізбелік жылды тематикалық әспеттеу немесе есептік шаралардың жиынтығы емес, бұл жас азаматтардың өмірін сапалы түрлендіру және олардың өзін-өзі танытуға барлық жағдай жасау деген сөз. Жастармен мемлекеттік жұмыс жасаудағы негізгі құраушы сапалы білім, жұмыспен қамтамасыз ету және отбасы институтын қолдау болып қала бермек», - деді Абаев. 

Ол азаматтық қоғаммен жұмысқа ден қою қажеттілігін атап өтіп, бүгінде мемлекет кешенді әлеуметтік-қоғамдық мәселелермен жалғыз өзі күресе алмайтынын айтты. 

«Мұндай процестерге үкіметтік емес секторды қатыстырмау арқылы көптеген мемлекеттік қолдау шараларының ұсақ науқанға айналу қаупі туындайды. Бұл істе мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс пен саланы жалпы құқықтық реттемелеудің ашықтығы мен әділдігі негізгі рөл атқарады. Алдағы оң өзгерістер дінаралық және ұлтаралық келісімді қажет етеді. Біз бірлік, бейбітшілік пен келісім оларды тұрақты жетілдіріп отыру бойынша жұмыстарды қажет ететін органикалық жүйе болып табылатынын жақсы түсінеміз. Бұл бағыттта тек идеологиялық с ипаттағы шараларды қабылдау ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік шиеленісті төмендету мәселелері көтерілуі керек», - деді министр. 

Дәурен Абаев министрліктің бірқатар заң жобаларына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша ауқымды жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам белсенді қатыстырылатынын атап өтті.
Ақмарал ШАҒАТАЙ
Өзгелердің жаңалығы