Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 6 шілде бойынша полиция 46 адамды ұстап, олардан түрлі дәрілік заттардың 20 884 қорабы тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирустық инфекциямен күрестегі өзекті сұрақтар" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
6 шілде күні елордалық полиция қызметкерлері жүк салғышы медикаменттерге толы "Toyota" автокөлігін ұстады. Автокөлік иесі дәрілік заттарды шекті бағасынан қымбатқа, жалпы көлемі 1 миллионнан астам теңгеге сатуды көздеген. Автокөліктен "Цефтриаксон", "Азитромицин" "Ингавирин", "Сумамед" және т.б. сияқты 689 қорап дәрі табылды. Ал, Шымкент қаласында әйел адам заңсыз саудамен жеке тұрғын үйде айналысқан. Дәрілік заттарды сақтауға арналмаған жерді тексеру барысында 229 түрлі медикаменттің 10 459 қорабы табылған. Мұнда да "Ингавирин", "Дексаметазон" сияқты қажетті дәрілік заттар болған. Препараттар медикаменттерді сақтауға арналған мұздатқыш құрылғылары жоқ антисанитариялық жағдайда сақталған, - деді ол.
Министр Түркістан облысы, Жетісай қаласында полиция қызметкерлері бір адамға "Цеф-3" препаратының 336 қорабын (400 мың теңгеден аса сомаға) сату фактісін анықталғанын айтты. Аталмыш дәрі қаладағы бір дәріхананың фармацевтеріне сатылған.
Атырау қаласында дәрілік заттарды қымбатқа сатумен айналысу фактісі косметологиялық клиникада тіркелген. Атырау облысы департаментінің полиция қызметкерлері жедел тексеру шарасы кезінде дәрілер ешбір лицензиясыз сатылғанын анықтады. Заңсыз бизнесті клиника иесі ұйымдастырған. Дәрілердің бағасы шекті мөлшерден бірнеше есе көтерілген. Мысалы, вирусқа қарсы "Ингавирин" препаратының шекті бағасы 5000 теңге болса, ол үш есеге, ал "Парацетамол" он есе жоғары бағаға сатылған. Клиникадан жалпы бес мыңнан аса дәрі қорабы тәркіленді. Дәріні заңсыз сатумен айналысу фактілері сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында да анықталып отыр, - деді Цой.
6 шілде бойынша полиция 46 адамды ұстап, олардан түрлі дәрілік заттардың 20 884 қорабы тәркіленді. Министр дәл осындай жағдайлар нарықта дәрі тапшылығына әкеліп, қоғамда дүрбелең тудырып отырғанын жеткізді.